KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің кредиттік қорытындысының жарияланғандығы туралы хабарлайды

 19.06.2019    283
Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша кредиттік қорытындыны жариялады, оған сәйкес Moody’s Қоғамның корпоративтік кредиттік рейтингісін «Baa3» деңгейінде ұстауды жалғастыруда, болжам тұрақты. Қоғамның кредит қабілеттілігіне мыналар оң әсер етеді: оның қызмет ауқымы, ұлттық оператор мәртебесіне байланысты Қоғамның ішкі нарықтағы мықты ұстанымы, тұрақты қаржылық ұстанымы және борыштық жүктеменің болмауы. Moody’s Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қоғамды қолдау ықтималдығын «жоғары» бағалау Қоғамның мемлекет үшін стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз етудегі энергетикалық экспорттың маңызды рөлін ескереді деп санайды.
Реакция:
Серiктестер