KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ жарамсыз мұнай үшін өтемақы механизмін талқылады

 25.06.2019    319
2019 жылғы 20 маусымда Санкт-Петербургте өткен халықаралық Мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы басқармасының отырысы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов және «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токарев Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін қазақстандық жүкжөнелтушілерге залалды өтеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор ретінде компанияның мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы мен жүкжөнелтушілердің мүддесін қамтамасыз ететіндігін атап өтті. – Құбыр нарығының барлық қатысушылары мұнайдың хлорорганикамен ластануы проблемасына алғашқы рет тап болды. «Транснефть» кәсіби деңгейде ден қойды, салдарын жою үшін қолдан келгенін жасады деп ойламын. Ресейлік серіктестермен Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін шығындарды өтеу бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік». «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры «Транснефть» ЖАҚ тарапынан жарамсыз мұнай үшін есептер мен төлемдерді едәуір жеңілдететін өтемақы механизмі ұсынылғандығын айтып өтті. Механизмнің егжей-тегжейін және төлемдер сомасын «Транснефть» ЖАҚ мүдделі тараптарға белгіленген тәртіпте ұсынатын болады. Анықтама үшін: 2019 жылғы сәуір-мамырда «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары концентрациясына байланысты төтенше жағдай орын алды, ол Усть-Луга портында қазақстандық жүкжөнелтушілер үшін танкерлерге жарамсыз мұнайды жөнелтуге әкеп соқты. «Транснефть» ЖАҚ-тың хабарламалық мәлімдемесіне сәйкес бұл жағдай «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне жүкжөнелтушілердің мұнайын қабылдау кезінде жоғары органикалық хлоридтері бар химиялық реагенттер араласқан мұнайдың «Дружба» магистральдық мұнай құбырына құйылуы нәтижесінде орын алған. «ҚазТрансОйл» АҚ өз тарапынан қазақстандық өндірушілердің ресурстарын Усть-Луга портында жөнелту үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне толық көлемде және тиісті сапада тапсыруды қамтамасыз етті. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер