KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» ПКОП-қа мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті

 28.06.2019    466
«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының мамандары Шымкент МӨЗ-ге мұнай тасымалданатын «Павлодар-Шымкент» магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Уақтылы жүргізілген жөндеу мұнай құбырын сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді, құбыр өтетін учаскеде экологиялық апаттың орын алу тәуекелін төмендетеді. «Шолақ-Қорған» БМАС – «ПКОП» ҚТП учаскесінде құбырішілік геометриялық снарядпен құбырды тексеру нәтижесінде «жаншылма» түрінде ақаулар анықталды. Деформация бедері күрделі аймақ арқылы өтетін мұнай құбыры учаскесінде топырақтың жылжуы нәтижесінде пайда болған. Нәтижесінде ақаулы секцияларды ауыстырумен мұнай құбыры учаскесін жөндеу туралы шешім қабылданды», - деп «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов хабарлады. Компанияның мамандары «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 1464,864 км, 1467,998 км, 1487,663 км және 1489,665 км-де жаншылмаларды кесіп алып тастау бойынша жұмыстарды өз күштерімен жүргізді. «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры 1983 жылы пайдалануға берілді, оның ұзындығы 1640,4 км құрайды. Мұнай құбыры Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарының аумақтары арқылы өтеді. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырлардың әртараптандырылған желісіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында орналасқан.
Реакция:
Серiктестер