KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Биылғы алғашқы жарты жылдықта шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы «ҚазТрансОйл» АҚ 55 млн тонна-километрге көбейді

 17.07.2019    401
ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылдың 1 жарты жылдықтағы өндірістік нәтижелері туралы хабарлайды. Шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 22 млрд 898 млн тонна/км құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 55 млн тонн/км көп. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жалпы көлемі 22 млн 198 мың тоннаны құрады (2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 229 мың. тоннаға аз). «ҚазТрансОйл» АҚ ММҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 18 млрд 871 млн тонна километрді құрады (ол 2018 жылғы деңгейден 55 млн тонна-километрге көп). «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға өсті. ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына 8 млн 180 мың. тонн мұнай жеткізілді (бұл 500 мың тоннаға көп), соның ішінде:
– АМӨЗ-ге - 2 млн 681 мың тонна – ПҚОП-қа - 2 млн 648 мың тонна – ПМӨЗ-ге – 2 млн 479 мың тонна – АПМЗ базасындағы Битум зауытына – 373 мың тонна
2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биыл «Атырау-Самара» мұнай құбыры «Өзен-Атырау-Самара» учаскелері бойынша 367 мың тоннаға азайып, 7 млн 233 мың тоннаны құрады. ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 5 млн 411 мың тоннаны құрады (57 мың тоннаға аз). «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 5 млн 548 мың КҚТ-К магистарльды мұнай құбырында 839 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 179 мың және 59 мың тоннаға кемігенін көрсетеді. «ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 1 млн тонна құрады бұл 2 мың тоннаға көп. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 8 млн 88 мың тоннаны құрады (360 мың тоннаға көп). Жүк айналым 7 млрд 322 млн тонна км жетті (129 млн тонна*км көп). «Мұнайтас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 744 мың тоннаны құрады (371 мың тоннаға аз). Жүк айналымы 717 млн тонна*км құрады (127 млн тонна*км аз). «Батуми мұнай терминалы» ЖШС «Petrotrans LTD» топтар компаниясында мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю 489 мың тоннаны құрады (133 мың тоннаға аз). Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарының «Астрахан-Маңғышлақ» су таратқышы арқылы су тұтынушыларына «Магистральды су таратқышы» ЖШС арқылы 14 млн 25 мың текше метр су берілді (2018 жылғы 1 жарты жылдықпен салыстырғанда 219 мың текше метр суға көп). Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзындығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Реакция:
Серiктестер