2019 жылғы 21 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында «Омск-Павлодар» магистральдық мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару жұмыстары аяқталды.
Бұл рәсімдер 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак қол қойған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Технологиялық мұнайдың статусын айқындау туралы келісімде тіркелді. Келісімді 2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бекітті.
Келісімнің ережелері бойынша 62 048 тонна көлемдегі технологиялық мұнайды қайтару былай жүргізілді:
1) ТОН-2 мұнай құбырындағы 62 048 тонна мұнайға меншік құқығы «ҚазТрансОйл» АҚ-қа берілді;
2) оның орнына «Омск-Павлодар» магистральдық мұнай құбырындағы тап сондай 62 048 тонна көлемдегі мұнайға меншік құқығы «Транснефть» ЖАҚ-қа берілді.
Технологиялық мұнайдың қалған көлемін, 79 680 тонна, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ 2019 жылғы 10-21 шілде аралығындағы кезеңде топ-топпен РФ аумағынан ҚР аумағына ығыстырды. Нәтижесінде «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесінде қалып қойған «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық мұнайының бүкіл көлемі, 141 728 тонна, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры жүйесіне қайтарылды.
– «ҚазТрансОйл» және «Транснефть» компаниялары он жылдан астам созылған жұмысты аяқтады, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов. – Мұнайды ығыстыру жұмыстарының аяқталуы «ҚазТрансОйл» АҚ-қа заң жүзінде бұрын даулы болған 141 728 тонна мұнайдың меншікті иесі болуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды біздің компания мұнай тасымалының технологиялық барысында пайдалантын болады.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті