KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Хабарлама

 02.08.2019    389
«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылғы 31 шілдеде бекітілген тарифтік сметаларды орындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау, реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасы мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және 2019 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында қызметтер тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдау өткендігін хабарлайды. Есеп келесі ақпаратты қамтыды:
  1. Қоғам туралы жалпы мәлімет;
  2. Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдығына Қоғам қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері;
  3. Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдыққа бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы;
  4. Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдыққа реттеліп көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаларды баптар бойынша орындалуы;
  5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар. Реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсыну сапасы. 2019 жылғы 2-ші жартыжылдыққа арналған қызметтер перспективасы.
Есеп «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ ресми сайтында жарияланған.
Реакция:
Серiктестер