KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ТМРК «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

 22.11.2019    776
Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметтердің тарифтері мен тарифтік сметасын бекітуге өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулар өтті. Жария тыңдауға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хитуов Тарас Киікбайұлы, Әшімбетов Нұржан Кемерұлы, Имашева Снежанна Валерьевна, Нұркина Айгүл Қабдешқызы, Қаракен Құралай Әнуарқызы, Қазақстанның «Атамекен» ҰКП-ның, Энергетика министрлігінің, «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ-нің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тұтынушылары қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тұтынушылары ірі мұнай компаниялар мен мұнай өңдеу зауыттары болып табылатынын атап көрсету қажет. Жария тыңдау Комитет төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өтті, ол барлық қатысушыларды құттықтап, жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырып, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тарифінің, тарифтік сметасының жобаларына өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті. Жария тыңдауда спикер болып «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директорының орынбасары Жайық Махин сөз сөйледі. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өкілі өз сөзінде мұнай мен мұнай өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитті және экспортты қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына жататынын және табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтерге тариф 5 жылға белгіленетінін хабарлады. «»ҚазТрансОйл» АҚ-ның ішкі нарыққа мұнай айдау тарифі 2015-2019 жылдарға бекітілді. Олардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ-ы 2020-2024 жылдарға ішкі нарыққа мұнай айдау жөніндегі қызметтердің жаңа тарифтері мен тарифтік сметасын бекітуге ТМРК-не өтінім берді», - деп атап өтті Жайық Махин өз сөзінде. Содан кейін, жария тыңдаудың қатысушылары, соның ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттары және БАҚ өкілдері тариф пен тарифтік сметаның жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алды. Соңында Комитет Төрағасының орынбасары түпкілікті шешім табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіпте «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша қабылданатынын атап өтті.
Реакция:
Серiктестер