KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 26.11.2019    2258
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов Мәскеу қаласында «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті. Компания басшылары ілгерідегі ынтымақтастықтың келешегін және компаниялардың алдағы бес жылға арналған даму жоспарларын талқылады. Атап айтқанда, тараптар қазақстандық мұнайды - еуропалық тұтынушыларға, ресейлік мұнайды - қытай тұтынушыларына транзиттеу мәселелерін қарастырды. КҚК қызметімен, импортты алмастыру бағдарламасы аясында өндірілген өнімдерді пайдаланумен байланысты жоспарлар бойынша түсіністікке қол жеткізілді. Кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ бірлесіп, 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Дружба» магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі 38 қазақстандық мұнай компаниясының шамамен 699 мың тонна мұнайының ластануына байланысты орын алған оқиғаны кәсіби деңгейде реттеу жұмыстарын жүргізуде деп атап көрсетілді. Еске салайық, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы ретінде осы компаниялардың атынан әрекет етеді және «Транснефть» ЖАҚ-пен өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 14 қазақстандық мұнай компаниясының пайдасына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қойылды. Қалған 24 компанияның пайдасына келісімдер дайын болған кезде жасалады.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Серiктестер