KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылдың 9 айындағы қаржылық нәтижелер туралы хабарлайды

 05.12.2019    291
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шоғырландырылған түсімі 179 млрд 745 млн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткіштен 7,6%-ке жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза пайдасы 37 млрд 649 млн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың 9 айының нәтижесінен 6,7%-ке жоғары. Түсімнің 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы ұлғаюы ресейлік мұнайды ҚР аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына және ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі арқылы транзиттеу мақсатында ішкі нарыққа мұнай айдау бойынша қызметтерге тарифтердің өсуімен байланысты. Сондай-ақ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-на қызметтер көрсету есебінен операторлық қызметтен түскен кіріс пайданың өсуіне әсер етті. Компанияның есептік кезең аралығындағы қорытындыларына бірлескен-бақылаудағы ұйымдардың пайдасы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың үлесінің ұлғаюы ықпал еткенін айта кету керек. 2019 жылдың 3 тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдарында баланстық құнды әділ құнмен сәйкес келтіру мақсатында негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізілді. Негізгі құралдарды қайта бағалау тәуелсіз бағалаушылардың есептері негізінде жүргізілді. Есеп саясатына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы негізгі құралдарды үш жылда бір рет қайта бағалауды жүргізеді, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың негізгі құралдарын соңғы қайта бағалау 2016 жылы жүргізілді. Негізгі құралдарды қайта бағалау қорытындысы бойынша 14 млрд 247 млн теңге сомаға активтердің құнсыздануы орын алды, оның 13 млрд 142 млн теңгесі «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ бойынша танылды. Бұған қоса, «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес компанияларының негізгі құралдарының құны 68 млрд 774 млн теңгеге артты. Бір акцияның баланстық құны 2019 жылғы 30 қыркүйекте 1 756 теңгені, 2018 жылғы 31 желтоқсанда 1608 теңгені құрады. Есепті кезеңде акцияға шаққандағы пайда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бір акцияға 92 теңгеден 98 теңгеге дейін артты. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер