KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандары бас директормен бизнес-таңғы аста компанияның даму болашағын талқылады

 05.12.2019    302
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Досанов Димаш бизнес-таңғы аста «Мен компанияның болашағын қалай көремін» атты тақырыпта өткен эссе байқауының жеңімпаздары - жас мамандар: Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «Бейнеу» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы авариялық-қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы Қылышбаев Төлегенмен, Батыс операторлық қызметтер басқармасы жоспарлау-экономикалық қызметі бастығының орынбасары Сыпатаев Олжаспен, орталық аппараттың тарифтік реттеу департаментінің менеджері Қабдушев Дәуленмен, Құлсары мұнай құбыры басқармасы «Қосшағыл» өндірістік-диспетчерлік станциясының инженер-химигі Мұқанова Гүлшатпен, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің диагностика жөніндегі инженері Серіков Мейіржанмен, Қарағанды мұнай құбыры басқармасы ақпараттық жүйелеріне қызмет көрсету учаскесінің бағдарламалық жасақтама инженері Қуанышбаева Жұлдызбен, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы магистральдық құбырларын пайдалану қызметінің инженері Рзиев Мұхтармен, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Қиғаш» бас су сорғы станциясы авариялық-қалпына келтіру пунктінің шебері Төлендеев Артурмен, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы кадрлар қызметінің бастығы Қазбеков Жанатпен кездесті. Кездесуде Досанов Димаш әрқашан дарынды және белсенді жастарды қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, байқау жеңімпаздарының эсселері заманауи іскери келбетімен және компанияның жұмысына шынайы қатысумен ерекшеленеді. Жас мамандар бас директорға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа технологиялар мен цифрлық жобаларды енгізу, баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Олар мамандардың кәсіби шеберлігінің үнемі жоғарылауы компанияның адами капиталын арттырады, ал корпоративті құндылықтар ұжымды үйлесімді және тиімді етеді деп пайымдады. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бизнес-таңғы асы корпоративті эссе байқауының жеңімпаздарымен компанияның жастарына қолдау көрсетудің Жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. «Мен компанияның болашағын қалай көремін» тақырыбындағы шығармашылық байқауға 40 жас маман қатысты. 10 автор жеңімпаз болып танылды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер