KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жеткізушілер үшін Ашық есік күнін өткізді

 18.12.2019    299
Нұр-Сұлтандағы кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері мен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті жеткізушілері сатып алу саласындағы проблемалық мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылады. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арыновтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры тапсырмасының аясында бизнес өкілдер үшін Ашық есік күні компанияда алғаш рет өткізіліп отыр. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» компаниялар тобының барлық сатып алулары zakup.sk.kz электрондық сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады. Сатып алулардың бірыңғай операторы ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес ұйымы - «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС болып табылады. Қордың сатып алу қағидаларына сәйкес тапсырысшының сатып алуды ұйымдастыруға жауапты жеке құрылымдық бөлімшесі болуы керек. «ҚазТрансОйл» АҚ-та бұл жұмысты келісімшарттар және жергілікті қамтымды дамыту департаменті жүзеге асырады. Сатып алу жөніндегі қызмет барысында компания отандық өндірушілерді қолдауға басымдық береді. 2019 жылғы сатып алу нәтижесі бойынша холдингтің тауар өндірушілерімен және мүгедектердің ұйымдарымен 3 млрд 873 млн теңгеге шарттар жасалды. Кездесуде әлеуетті жеткізушілер өздерінің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін ұсынды. Олардың кейбіреулері жергілікті қамтымның үлесі көп өнімдерді шығарады. Бизнес өкілдері топ компанияларына қызмет көрсетуге қызығушылықтарын білдірді. Бұл ретте олар сатып алу алаңында орналастырылған ақпараттың аздығына шағымданды. «Мүмкін, компаниялардың елден тыс жерден сатып алатын импорттық тауарларының тізімі бар шығар. Егер біз компаниялардың осы немесе басқа жабдыққа қажеттілігі туралы нақты білетін болсақ, онда біз отандық тауарлардың қосымша желісін іске қоса аламыз», - деп өз сұранысын тиекті арматураларды шығаратын қазақстандық-неміс кәсіпорын өкілі жеткізді. Әлеуетті жеткізушілер сонымен қатар тендерлерді өткізудің кеш мерзімі мен олар бойынша шартты орындау мәселелеріне назар аударды. «ҚазТрансОйл» АҚ келісімшарттар және жергілікті қамтымды дамыту департаментінің басшысы Алмас Мұқатовтың айтуынша, компания бір көзден сатып алуды болдырмауға тырысады. Сондықтан, егер тендер өтпесе, тапсырысшы оны қайта жариялауға мәжбүр. Барлық рәсімдерді орындау белгілі бір уақытты алады. Іс-шара соңында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов сындарлы сұхбат үшін қатысушыларға алғысын білдірді. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бойынша біз Нұр-Сұлтанда бірінші болып бизнес өкілдерімен Ашық есік күнін өткіздік. Енді мұндай кездесулерді үнемі өткізіп отырамыз», - деді ол. – Бұдан басқа, жылына екі рет біз жабдықтардың ірі жеткізушілерін, энергетиктерді, механиктерді, авариялық-қалпына келтіру және пайдалану жұмыстарының желілері бойынша мамандарды техникалық кеңестерге жинаймыз. Мұнда біз көптеген мәселелерді талқылаймыз. Біз сондай-ақ арнайы жабдық жеткізушілерін оған қатысуға, өз өнімдері мен қызметтерін ұсынуға шақырамыз». Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер