KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары бойындағы транкингтік радиобайланыс желісін DMR сандық стандартына дейін жаңғыртты

 23.12.2019    311
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары бойындағы қолданыстағы транкингтік радиобайланыс желісін жаңғырту бойынша жұмыстардың негізгі кезеңін аяқтады. 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан MРT-1327 стандартының аналогты транкингтік жүйесі DMR Tier-III Pro стандартының цифрлық кәсіби транкингтік радиобайланыс жүйесіне ауыстырылды. Нәтижесінде, 80 транкингтік радиобайланысының базалық станцияларынан тұратын Қазақстандағы ең ірі цифрлық кәсіби транкингтік радиобайланыс жүйесі пайдалануға берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ бизнесі ұялы және басқа да байланыс түрлерін қамтымайтын шалғай жерлерде ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын магистральдық мұнай құбырларына қызмет көрсетумен байланысты. Техникалық-экономикалық тұрғыдан бірден-бір тиімді шешім - әлемдегі кез-келген заманауи мұнай құбыры компанияларындағыдай жеке транкингтік радиобайланыс желісін құру. Жерсеріктік байланыс қазіргі таңда спутниктік сегментті пайдалануды минут сайын есептеумен қымбат шешім болып табылады. Транкингтік радиобайланысты технологиялық қайта жабдықтау магистральдық мұнай құбырларын пайдаланатын персоналдың әрі қарай үздіксіз жұмысын, радиобайланысты пайдалана отырып магистральдық мұнай құбыры объектілерінде барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ол қолданыстағы қамту аймағын 89% -дан 94% -ға дейін арттырды. Магистральдық мұнай құбырлары бойындағы радиобайланысын қамту аймағының жалпы өлшеу мәліметтері бойынша радиобайланыстың толық жетіспейтін 6% аймағы бар, ол негізгі магистральдық мұнай құбырларының ұзындығы 4 271 км арнайы құрылғымен жалпы өлшенген шамасынан ~ 231 км құрайды. Негізгі себеп - байланыс жоқ қысқа учаскелердің көптігі, жергілікті рельефтің күрделі болуы және осы учаскелердің қолданыстағы базалық станциялардан қашықтығы. Транкингтік радиобайланыс желісін жаңғырту цифрлық технологиялар деректерін кеңінен қолдануға мүмкіндік берді және жаңа мүмкіндіктер ашты: бар жиілік ресурсын ұлғайтпастан транкингтік радиобайланыс жүйесінің өткізу қабілеттілігін екі есе ұлғайту, аумақтық таралған топтарды жедел құру немесе біріктіру, бүкіл транкингтік желісін, құрылғыларды жедел басқару, жеке абоненттер мен абоненттер тобына шақырудың рұқсат етілген түрлерін тағайындау, техникалық персоналдың GPS-координаттарын және автокөліктің қозғалысын қадағалау, базалық станциялардың параметрлерін (температураны, ТТК-ны, таратқыштардың шығыс қуатын) бақылау, шақыру басымдықтарының мақсаты және т.б. Транкингтік радиобайланыстың кәсіби желісін жаңғырту бойынша жұмыстардың келесі кезеңі «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының бүкіл ұзындығы бойы транкингтік радиобайланыстың 100% қамтылуын қамтамасыз ету бойынша (автокөлік радиостанцияларына) жұмыстарды жүргізуді көздейді. Анықтама: Транкингтік байланыс жүйесі - абоненттер арасында байланыс арналарын автоматты түрде бөлуді жүзеге асыратын радиалды-аймақтық байланыс жүйесі. «Транкинг» термині деп арналардың жалпы топтамасына абоненттердің қол жеткізу әдісі түсініледі, ол кезде абонентке байланыс сеансы уақытына бос арна бөлінеді. «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер