KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Екі азкүкіртті мұнай танкері Новороссийск арқылы экспортқа жөнелтіледі

 30.12.2019    583
Желтоқсанда Новороссийск порты арқылы 80 мың тоннадан танкерлік партиялармен одан әрі экспортқа жөнелтуге арналған 160 мың тонна азкүкіртті мұнай Siberian Light сұрыпты жеңіл батыс сібір мұнай қоспасымен алғашқы рет тасымалданды. Мұнай оның сапасын сақтауға мүмкіндік беретін бағыт бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі бойынша Siberian Light сұрыпты мұнаймен жалпы ағында Новороссийске дейін айдалады. Бұрын мұндай жеткізу көлемдері айына 85 мың тоннадан аспайтын. Қазақстандық азкүкіртті мұнайды шикізаттың сапасын сақтаумен «Атырау-Самара-Новороссийск» құбыр бағыты бойынша жеткізу 2017 жылдың қаңтарынан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте, Siberian Light ағынындағы нетбэк жеткізулер Urals-пен салыстырғанда едәуір жоғары, бұл отандық мұнай компаниялары үшін және тұтастай алғанда Қазақстан үшін анағұрлым тиімді. 2019 жылдың 12 айында «ҚазТрансОйл» АҚ «Атырау-Самара» бағыты бойынша шикізаттың сапасын сақтаумен 1 млн 45 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдады. Негізгі жүкжөнелтуші - «ӨзенМұнайГаз» АҚ, қашағандық мұнайдың көлемі ішінара жеткізілді. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және 5 бағыт: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры, Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), темір жол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып құю бойынша экспортқа мұнай тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер