KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ бюджетке 39 млрд теңгеден астам төлем жасады

 24.01.2020    765
«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылы бюджетке төлеген салықтар мен міндетті төлемдердің жалпы сомасы - 39 390,9 млн теңге құрады, бұл 2018 жыл деңгейінен 9,6% жоғары. Республикалық бюджетке төлемдердің денін корпоративтік табыс салығы (18 648,3 млн теңге) және қосымша құн салығы (4 554,2 млн теңге) құрады. Жергілікті бюджетке мүлік салығы - 7 738,6 млн теңге, жеке табыс салығы - 4 468,6 млн теңге, әлеуметтік салық - 3 692,0 млн теңге төленді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органдары жаңа тәуекелдерді басқару жүйесін енгізді. Салық төлеушілердің қызметі үш санатқа бөлінді: төмен, орташа және жоғары тәуекел деңгейі, осыған қарай сараланған салықтық әкімшілік ету шаралары қолданылады. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың тәуекел деңгейі төмен, бұл компанияның сенімді болуын көрсетеді. Анықтама «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер