KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылы Қазақстанның МӨЗ-деріне мұнай тасымалдауды 5% ұлғайтты

 27.01.2020    602
«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылға өндірістік қорытындыларды шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 734 мың тоннаға немесе 5% артып, 16 млн 883 мың тоннаны құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына 5 млн. 296 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 5 млн 391 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына - 5 млн 298 мың тонна, «Ақтау пластмасса зауыты» ЖШС негізінде битум зауытына – 897 мың тонна жеткізілді. Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 44 миллион 463 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 846 мың тоннаға аз. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайдың жеке жүк айналымы 37 миллиард 657 миллион тонна-километрді құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 382 миллион тонна-километрге аз. «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 45 миллиард 580 миллион тонна-километрді құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 539 миллион тонна-километрге аз. 2018 жылмен салыстырғанда «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 429 мың тоннаға азайып, 14 млн 328 мың тоннаны құрады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен 11 миллион 3 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1 мың тоннаға артық. «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына 10 миллион 846 мың тонна мұнай және КҚК-Қ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне 1 миллион 770 мың тонна мұнай жөнелтілді. 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер сәйкесінше 526 мың тоннаға және 373 мың тоннаға азайды. «ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдалана отырып, Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 2 миллион 20 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18 мың тоннаға артық. «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 16 миллион 200 мың тонна тасымалданды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 202 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 14 миллиард 590 миллион тонна-километрді құрады, 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 18 миллион тонна-километрге азайды. «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемі 3 миллион 232 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 645 мың тоннаға аз. 2019 жылы жүк айналымы 1 миллиард 232 миллион тонна-километрге жетіп, 290 миллион тонна-километрге азайды. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Petrotrans LTD» компаниялары тобында мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемі 857 мың тоннаға дейін төмендеді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 173 мың тоннаға аз. Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань-Маңғышлақ су құбыры арқылы 28 миллион 900 мың текше метр тұщы су жеткізілді, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 171 мың текше метрді құрады. Анықтама үшін: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю) және КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу арқылы тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер