KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Транснефть» ЖАҚ кондициясыз мұнай үшін 5 қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жүргізді

 11.02.2020    610
Усть-Луга портында шамамен 699 мың тонна кондициясыз мұнайды тиеген үшін шығындарды өтеу мәселесіне қатысты 38 қазақстандық мұнай компаниясының атынан мәлімдеме жасайтын «Транснефть» ЖАҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ арасындағы қол қойылған келісімдер шеңберінде 5 қазақстандық мұнай компаниясына «Транснефть» ЖАҚ тарапынан төлемдер жүргізілді. Алдында 32 компанияға төлемдер жасалған. 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай қалыптасқанын естеріңізге саламыз, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілердің кондициясыз мұнайын тиеуге алып келді. Анықтама үшін: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю) және КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер