KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өз акционерлеріне үндеу жолдайды

 12.02.2020    640
Құрметті «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері! 2019 жылы 3 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ (кейін – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2019 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес (№3/2019 хаттама) 2018 жылдағы Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы (кейін – Төлем агенті) Қоғам акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте аудару жолымен төленді.

Ағымдағы датаның жай-күйі бойынша төленген дивидендтердің бөлігі талап етілмеуде, себебі Қоғам акционерлерінің белгілі санының өзекті реквизиттері тізім жүйесінде болмауы. «Акционерлік қоғамдар» туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, дивидендтердің талап етілмеген сомалары Төлем агентінің транзиттік шотында сақталынады.

Егер Сіз осы уақытқа дейін дивидендтеріңізді алмаған жағдайда болсаңыз, онда Сізді шарт жасасқан делдалдық компанияңызға керекті мәліметті алу мақсатында жолығуыңызды сұраймыз. 1. Егер Сізге тиісті дивидендтеріңіз Сіздің делдалдық шотыңызда болса, Сіз делдалдық компанияңызға дивидендтерді делдалдық шоттан Сіздің банктік шотыңызға аудару немесе Қоғам акцияларын қосымша сатып алу бұйрығын рәсімдей аласыз. 2. Егер дивидендтер Сіздің өзекті деректеріңіз (банктік реквизиттер, жаңа жеке куәлігінің нөмірі, мекенжайы не басқа деректер) акционерлер тізім жүйесінде болмау себебінен төленбенген кезде Сіз акционерлер тізіміне өзгерістерді енгізу үшін керекті құжаттарды рәсімдеуге және Сізге тиісті дивидендтерді Төлем агентінің транзиттік шотынан талап ету мақсатында келесі әрекеттердің тәртібі жөнінде делдалдық компанияңыздан нұсқаулықты алуға міндеттісіз.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жыл үшін дивидендтерді алумен байланысты сұрақтарды жою мақсатында акционерлерді өзекті деректеріңіздің (банктік реквизиттерді қоса алғанда) акционерлер тізім жүйесінде тіркелгенін және қажет болғанда делдалдық компанияны өзгерістер жөнінде хабарлауды өтіне сұрайды.

Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер