KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйлдың сатып алудағы жергілікті қамтым үлесі 74% дейін өсті

 19.02.2020    792
2019 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың сатып алудағы жергілікті қамтым үлесі еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескергенде 74% құрады және жиынтығында 105 млрд.теңгеден асты. «ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар өндірушілерді белсенді қолдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Шыңғыс Сейсекенов хабарлағандай, 2019 жылы қолданыстағы ұзақмерзімді шарттарға қосымша компания отандық тауар өндірушілермен 500 млн теңгеден астам сомаға тағы 5 ұзақмерзімді шарт жасасқан. «Бұл өндірістік және кадрлық ресурстары бар компаниялар, олардың тауарлары мен қызметтерінің сапасы біздің өндіріс талаптарына сәйкес келеді», - деп түсіндірді ол. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың тұрақты серіктестері қатарындағы «Павлодар құбыр арматурасы зауыты» ЖШС-мен, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ-пен, «РауанНалко» ЖШС-мен, «ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС-мен, «ҚазАрматура зауыты» ЖШС-мен жабдықтарға арналған құрамдас және қосалқы бөлшектерді жеткізуге шарттар жасалған. Тек өткен жылғы сатып алу жоспарының аясында арнайы техника мен жабдықтарды және басқа да тауарларды жеткізуге 3,3 млрд.теңгеден астам сомаға шарттар жасалды. Жалпы, «ҚазТрансОйл» АҚ-та отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша өсу динамикасы байқалады. Егер 2017-2018 жылдары еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтым үлесі орташа есеппен 70% құраса, 2019 жылы бұл сан 74% дейін өсті. 2020 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ импортты алмастыру бағдарламасы аясында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілгеннен кейін отандық тауар өндірушілермен жаңа келісімшарттар жасасу күтілуде. Қазақстандық жеткізушілердің айтуынша, ірі компаниялардың қолдауы оларға өндірісті дамытуға көмектеседі. «Біздің «NGVision» ЖШС компаниямыздың өнімі «ҚазТрансОйл» АҚ-та тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өтеді. Қазақстан Республикасының аумағында біз бейнебақылау камераларын құрастырумен айналысатын жалғыз компания болып табыламыз. Қазір біздің өндірісте 50-ге жуық адам еңбек етуде. Кез келген көлемді игере аламыз. Осы уақытқа дейін 400 камера жинадық. Енді жаңа тапсырыстар күтеміз. Әрине, ірі компаниялардың қолдауынсыз нарықта аман қалмауымыз екі талай. Сондықтан біз мемлекетіміздің қолдау құралдарына өте қуаныштымыз», - деді «NGVision» ЖШС-ның бас директоры Таир Омаров. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер