KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Барлық қазақстандық компаниялар кондицияланбаған мұнай үшін «Транснефть» ЖАҚ-тан өтемақы алды

 28.02.2020    536
2020 жылғы 27 ақпанда соңғы қазақстандық компания «Транснефть» ЖАҚ тарапынан өтемақы алды. Осылайша, Усть-Луга портындағы 699 мың тоннаға жуық кондицияланбаған мұнайды тиеп жөнелту шығындарын өтеу мәселесінде қазақстандық мұнай компанияларының атынан мәлімдеме жасайтын «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ арасындағы қол қойылған келісімдер шеңберінде барлық 38 қазақстандық жүк жөнелтушілер төлемдер алды. 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай қалыптасқанын естеріңізге саламыз, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге кондицияланбаған мұнайды тиеуге алып келді. Анықтама үшін: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер