KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Аймақтардағы қызметкерлердің 25%-ы қашықтан жұмыс істейді

 01.04.2020    600
Елімізде коронавирустың таралуы бойынша жағдай күн сайын өзгеріп, өкінішке орай өңірлерді де қамтып жатыр. Көптеген ұйымдардың жұмыс істеу режимі өзгеріске ұшырады - қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге жіберілді, еліміздің ірі қалаларында карантин енгізілді. Мұндай шаралар халық игілігі мен адам денсаулығы үшін жасалғаны сөзсіз. «ҚазТрансОйл»-да тысқары қалған жоқ. Компанияның негізгі өндірісі шоғырланған аймақтарда қызметкерлердің 25%-ы (6 800 адам) ақылы еңбек демалысына жіберіліп, қашықтағы жұмысқа ауыстырылады. Мұнайдың үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз ету жұмыстары орынша жүргізілуде. Коронавирустың алдын-алу бойынша Компанияда қабылдаған шаралар: - карантин кезеңінде өндірістік нысандар мен еншілес ұйымдардағы ауысымдық жұмыс режимі өзгертілді; - мердігер ұйымдардың қосымша медициналық тексерістері ұйымдастырылды; - вахтаны қоса алғанда асханалар азық-түлік қорымен қамтамасыз етілді; - өндіріс орындарындағы барлық жұмысшылар қорғаныс респираторларымен қамтамасыз етілген; - үй-жайларды дезинфекциялық өңдеу жұмыстары үнемі жүргізіледі.
Реакция:
Серiктестер