KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы өндірістік қызмет қорытындылары туралы хабарлайды

 16.04.2020    529
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың жалпы көлемі 10 млн 510 мың тоннаны құрады (2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 535 мың тоннаға аз). «ҚазТрансОйл» АҚ ММҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 8 млрд 978 млн тонна*км құрады (2019 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 347 млн тонна * км аз). Шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 10 млрд 738 млн тонна*км құрады, бұл өткен жылғы 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 538 млн тонна*км аз. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына 4 млн 69 мың тонн мұнай жеткізілді (бұл 76 мың тоннаға көп), соның ішінде:
АМӨЗ-ге - 1 млн 405 мың тонна (бұл 158 мың тоннаға көп), ПҚОП-қа - 1 млн 225 мың тонна (бұл 44 мың тоннаға аз) , ПМХЗ-ге – 1 млн 329 мың тонна (бұл 57 мың тоннаға аз), ПМАЗ базасындағы Битум зауытына – 110 мың тонна (бұл 20 мың тоннаға көп).
«Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша бойынша мұнай тасымалың көлемі 3 млн 328 мың тоннаны құрады (375 мың тоннаға аз). ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 2 млн 724 мың тоннаны құрады (68 мың тоннаға көп). «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 2 млн 469 мың тоннаны құрады (202 мың тоннаға аз). КҚТ-К магистарльды мұнай құбыры жүйесіне мұнайды ауыстырып құю көлемі 378 мың тоннаны құрады (13 мың тоннаға көп). «ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 528 мың тоннаны құрады (26 мың тоннаға көп). «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 700 мың тоннаны құрады (265 мың тоннаға аз). Жүк айналымы 3 млрд 306 млн тонна*км жетті (271 млн тонна*км аз). «Мұнайтас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 556 мың тоннаны құрады (268 мың тоннаға аз). Жүк айналымы 208 млн тонна*км құрады (110 млн тонна*км аз). «Батуми мұнай терминалы» ЖШС компаниялар мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю 186 мың тоннаны құрады (27 мың тоннаға аз). Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарының «Астрахан-Маңғышлақ» су таратқышы арқылы су тұтынушыларына «Магистральды су таратқышы» ЖШС арқылы 6 млн 603 мың текше метр су берілді (2019 жылғы 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 231 мың текше метр суға көп). Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер