KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінде карантиндік шаралар мен жұмыскерлердің денсаулығына бақылау күшейтілді

 17.04.2020    688
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін ұзарту жағдайында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау бұрынғы режимде жүргізіледі. Компания қауіпсіз жұмыс үшін коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Әкімшілік объектілер мен жалпы пайдаланудағы үй-жайларда санитариялық-дезинфекциялау режимі шеңберінде аумағы 499 045,42 шаршы метр аумақтарға және үй-жайларға, 868 желдету қондырғылары мен 1 168 кондиционерлерге жоспардан тыс дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Барлық үй-жайлар, көлік құралдары, техника мен мүлік үнемі дезинфекцияланады. Көп рет қолдануға арналған 10 288 респиратор-маскалар, қолды дезинфекциялауға арналған және тағы 2 айға жететін 6 803 литр антисептиктер, 127 автокөлікті өңдеуге арналған және тағы 2 айға жететін 254 литр дезинфекциялық құралдар сатып алынды. «ҚазТрансОйл» АҚ объектілеріндегі мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлері мен қызмет көрсететін персоналдары қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Олардың жеке гигиенаның санитарлық нормаларын сақтауына бақылау күшейтілді. «ҚазТрансОйл» АҚ және мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің дене температурасы күн сайын өлшенеді. Әлеуметтік ара-қашықтық шаралары шеңберінде жұмыскерлермен байланыс өндірістік процесс барысында 5 адамға дейін қысқарды. Мұнай құбыры басқармаларында коронавирус ауруына күдікті жұмыскерлер үшін уақытша оқшаулауға арналған орындар, аумақтық карантиндік стационарлар қарастырылған. 16 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның 984 маманы қашықтан жұмыс істейді, 1100-ден астам жұмыскер ақы төленетін еңбек демалысына жіберілді. Мамандар вахталық әдіспен жұмыс істейтін «ҚазТрансОйл» АҚ –тың 53 оқшауланған объектісінде дала инфрақұрылымы (тұрмыстық вагоншалар, асханалар, асүйлер) кеңейтілді, дала лагерьлері құрылды, уақытша оқшаулауға арналған вагондар дайындалды. Вахталық объектілер оқшауландырылды және су қорымен, бірінші қажеттілік тауарларымен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Вахталық жұмыскерлердің объектілердің аумағынан және магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігінен тыс шығуы шектелді. 3 сәуірден бастап, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлік жедел штабтар енгізетін шектеу іс-шараларын назарға ала отырып, кейбір жұмыскерлер уақытша бос тұрып қалу режиміне көшіріледі*. 16 сәуірдегі жағдай бойынша 519 жұмыскер бос тұрып қалу режиміне көшірілді. Оның ішінде бірқатар облыстарда жүріп-тұруға тыйым салуға байланысты жұмыс орнына жете алмаған вахталық жұмыскерлер бар. Нәтижесінде ЖМҚБ-да «Құмкөл» БМАС-та ТМҚ-да (7 адам), «Қазгермұнай» ЖШС «Ақшабұлақ» ҚТП-да (2 адам), БОҚБ –да КҚК-К объектілеріне қызмет көрсету үшін (82 адам) жұмыскердің вахтасы ұзартылды. Жаңаөзен қ. тұрғындарының коронавирустық инфекция жұқтыруын анықтау фактілерін ескере отырып, COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 13 сәуірінен бастап Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Өзен» бас мұнай айдау станциясының (БМАС) 44 қызметкері (2 ауысым) және «Өзен» БМАС-та күзету, объектілерді өрттен қорғау, медициналық, клинингтік қызметтер және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымдардың 16 қызметкері вахталық әдіске ауыстырылды. Сондай - ақ «Ақтау» БМАС «Дунга» ҚТП-ның 4 қызметкері және «Жетібай» МАС «Тасболат» ҚТП –ның 4 қызметкері вахтаға ауыстырылды. Мұндай шешім Маңғыстау облысының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарының вахталық жұмыс әдісіне ауысуына байланысты қабылданды. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарында COVID-19 жұқтырғандар санының артуы жағдайында компанияда қызғылт сары деңгейге сәйкес «Ақтау» БМАС, «Жетібай» МАС, А. Құлтумиев атындағы МАС, Н. Шманов атындағы МАС, Т.Қасымов атындағы МАС, «Үлкен Шаған» МАС, «Кеңқияқ» БМАС, Павлодар БМАС, «Екібастұз» МАС, «Атасу» БМАС, «Шолақ Қорған» БМАС және басқа да өндірістік объектілері мамандарының жұмысын вахталық әдіске көшіру бойынша жоспар әзірленді. Бұл шаралар негізгі мұнай айдау станцияларында мұнай тасымалдаудың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын болады. ҚР Еңбек кодексінің 1б.1 т.10тт. сәйкес- экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық және өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себебі бойынша жұмыстың уақытша бос тұрып қалуы. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер