KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ алдындағы жылмен салыстырғанда дивиденд төлеуді ұлғайтады

 01.06.2020    629
$Өткен кезекті Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылға төленетін дивиденд мөлшерін бір жай акцияға шаққанда – 118 теңге деп бекітті, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 13%-ке жоғары болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов хабарлағандай, компания 45,386 млрд теңге мөлшеріндегі соманы 2019 жылға дивиденд төлеуге жібереді. Дивидендтерді төлеу 2020 жылғы 18 маусымда басталады.

«Дивидендтерді таза кірістің 100 процентіне дейінгі мөлшерде төлеу туралы мемлекет басшылығының тапсырмасын орындай отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылға дивиденд төлеу үшін 45,1 млрд теңге мөлшеріндегі компанияның бүкіл шоғырланған таза кірісін және қосымша 264,7 млн теңге өткен жылдары бөлінбеген пайданы жұмсау туралы шешім қабылдады. Осылайша, акционерлерге төленетін дивидендтің қорытынды сомасы 45,386 млрд теңге құрайды», – деп түсіндірді Д. Досанов.

Төленетін дивиденд сомасының ұлғаюы компанияның 2019 жылы шоғырланған таза пайдасының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17%-ке өсуіне байланысты болды. Салыстыратын болсақ, 2018 жылдың қорытындылары бойынша акционерлерге төлеуге жіберілген жалпы сома 40 млрд теңге немесе бір жай акцияға шаққанда - 104 теңге құрады.

2012 жылы «Халықтық ІРО-ға» шыққан сәттен бері «ҚазТрансОйл» АҚ KASE индексінің өкілдік тізімінде дивидендтерді тұрақты төлеп отырған компаниялардың бірі болып табылатынын айта кеткен жөн.

«Жоспарланып отырған 2019 жылғы дивидендтерді ескерсек, компания «Халықтық ІРО-ға» шыққан сәттен бері өткен кезеңде төлеген дивидендтерінің жалпы сомасы шамамен 375 млрд теңге құрайды. Төленген дивидендтердің бір акцияға шаққандағы сомарлық мөлшері 975 теңге, демек орналастыру бағасына 134% құрайды. Соңғы бес жылдың ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдадан асатын дивиденттерді төлеп келеді», – деді статистика келтірген компания басшысы.



Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.


«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер