KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі туралы және «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы 2020 жылға дивиденд мөлшері туралы «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына Директорлар кеңесінің ұсыныстары жөнінде хабарлайды

 23.04.2021    731
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам)  Қоғамның Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (бұдан әрі – АЖЖЖ) мынадай ұсыныс жасағанын хабарлайды:
  • 2020 жылдың нәтижелері бойынша  50 770 909 068  теңге мөлшеріндегі сома дивидент төлеуге жіберілсін, бұл 2020 жылдың қорытындылары бойынша алынған 55 953 898 000 теңге мөлшеріндегі  Қоғамның шоғырландырылған таза кірісінің 90,737% құрайды;
  • Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы 2020 жылғы дивиденд мөлшері  Қоғамның бір жай акциясына 132 теңге сомасында бекітілсін.
 Өткізілуі 2021 жылғы 26 мамырға жоспарланған   АЖЖЖ-да Қоғам акционерлері Директорлар кеңесінің ұсынысын бекіткен жағдайда: 
  • 2020 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқы бар Қоғам акционерлерінің тізімі  2021 жылғы 11 маусымдағы 00 сағат 00 минуттегі жағдай бойынша тіркеледі.
  • 2020 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу 2021  жылғы 18 маусымда басталады;
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу  ақшамен, оларды Қоғам акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте дербес аудару және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ тұлғасындағы  төлем агенті арқылы жүргізіледі.
 
Құрметті акционерлер,

Дивидендтерді уақтылы алу үшін Сіздерге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі өз жеке деректеріңіздің (оның ішінде банк шотының деректемелерінің) өзекті болуына көз жеткізу қажет  және олар өзгерген жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесіне енгізу үшін қажет мәліметтерді өзгерту туралы хабарлау мақсатымен Сізбен брокерлік қызмет көрсету шартын жасаған брокерлік компанияға немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-қа жүгіну қажет.
Реакция:
Серiктестер