KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қайта жаңартудан кейін «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры учаскелерін қосуды аяқтады

 12.05.2021    739
«ҚазТрансОйл» АҚ қайта жаңартудан кейін «Өзен-Атырау-Самара»  магистральдық мұнай құбырының 511,3-514,1 км және 516,8-528 км жаңадан салынған учаскелерін қосу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы ұзындығы 14 км құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін мұнай құбырын жоспарлы түрде 72 сағатқа тоқтату қажет болды. Барлық техникалық жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, уақтылы аяқталды.

Қайта жаңартудан кейін мұнай құбыры учаскелерін қосу жөніндегі іс-шараларға Құлсары, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды мұнай құбыры басқармаларының 237 жұмыскері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің және «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдауды басқару орталығы филиалының бас диспетчерлік басқармасының жұмыскерлері жұмылдырылды. Іске жұмылдырылған техниканың саны – 74 бірлік. «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскесін ауыстыру «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған бизнес-жоспарына сәйкес жүргізілді және мұнайды авариясыз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Атырау-Самара» мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында. Мұнай «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы және одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы жеткізу Усть-Луга Балтық терминалына және Новороссийск Қара теңіз портына дейін жеткізіледі. 2020 жылы «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы 14,4 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды.
Реакция:
Серiктестер