KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасы бойынша «Аман» МАС магистральдық сорғы станциясы пайдалануға берілді

 30.06.2021    813
«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесінің өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін реверсінің бірінші кезеңі» жобасының екінші іске қосу кешені шеңберінде 2021 жылғы 30 маусымда «Аман» МАС магистральдық сорғы станциясы және технологиялық объектілері пайдалануға берілді.

Жоба «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары жүйесін салу және дамыту кезеңдерінің біріне жатады. Оны пайдалануға беру Қазақстан мұнайын Қытайға тасымалдауды жылына 6 млн тоннаға дейін ұлғайтады және Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты шикізатпен қамтамасыз етеді.

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесінің өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін реверсінің бірінші кезеңі» инвестициялық жобасын «МұнайТас» ЖШС жүзеге асырады.

«МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны.
 
Реакция:
Серiктестер