Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 қарашадағы №124–НҚ бұйрығымен «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тариф 67,93 теңге/тонна мөлшерінде (ҚҚС есептемегенде) бекітілгенін хабарлайды.
Көрсетілген уақытша өтемдік тариф 2022 жылғы 1 қантардан бастап күшіне енеді.