KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанда жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі реттелетін қызметіне тарифтерді төмендетіледі

 04.06.2020    2568
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 616-тармағына сәйкес, сонымен қатар тұтынушыларға жүктемені азайту мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанда келесілер үшін жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі реттелетін қызметіне тарифтердің төмендетілгенін («ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасының) м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы №43 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі реттелетін қызметіне тарифтер мен тарифтік сметаны бекіту туралы» «ҚазТрансОйл» бас директорының (Басқарма төрағасының) 2020 жылғы 15 мамырдағы №33 бұйрығы) хабарлайды:
  • халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін – 1 723,29 теңге/Гкал дейін (ҚҚС-сыз);
  • өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммерциялық ұйымдар үшін – 11 801,89 теңге/Гкал дейін (ҚҚС-сыз).
Реакция:
Серiктестер