KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды экспортқа жеткізуді ұлғайту күтілуде

 19.04.2022    2469
«КҚК-Қ» АҚ жүйесінен мұнай жеткізуді қайта бөлуге байланысты сәуір айында Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан мұнайды «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы экспортқа жеткізуді ұлғайту күтілуде.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес, сәуірде Қарашығанақ мұнайын «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша экспорттау көлемі 154,7 мың тонна, Қашаған мұнайын - 60 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр. Қашаған мұнайын «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына экспортқа тасымалдаудың болжамды көлемі 40 мың тоннаны құрайды.
 
Реакция:
Серiктестер