KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы 30 қарашада аяқталады

 29.10.2022    2992
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы №117-НҚ бұйрығымен бекітілген «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 328,04 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшеріндегі уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы 2022 жылғы 30 қарашада аяқтайды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №71-НҚ бұйрығымен бекітілген «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 355,57 теңге мөлшеріндегі (ҚҚС-сыз) тарифі 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданылады.

Хабарландыру 2022 жылғы 29 қазанда «Литер» газетінде жарияланды. 

 
Реакция:
Серiктестер