KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында кредиттік желі ашу туралы келісім жасалды

 28.11.2022    742
Қазақстан Республикасы Президентінің «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялауды және жаңғыртуды қамтамасыз ету туралы тапсырмасын (22.04.2021 ж. №21-01-7.8 хаттама) орындау үшін қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 100% еншілес ұйымы болып табылатын «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту. 1-кезек» жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
 
Жоба «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін ұлғайтуға (тәулігіне 110 мыңнан 170 мыңға м3 дейін) және Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарының су тұтыну көлемінің қазіргі тапшылығын және перспективалық өсуін қанағаттандыру үшін тозған жабдықты жаңартуға бағытталған.
 
2022 жылғы 25 қараша күні Жобасын қаржыландыру шеңберінде Серіктестік «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен келесі шарттарда Кредиттік желі ұсыну туралы келісім жасасты:
- қарыз сомасы - 66 700 000 000 теңгеге дейін;
- қарыз валютасы - теңге;
- қарыз мерзімі - 120 айға дейін;
- сыйақы мөлшерлемесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + жылдық 2,5%;
- қамтамасыз ету – «Самұрық-Қазына» АҚ кепілдігі.
 
Реакция:
Серiктестер