«ҚазТрансОйл» АҚ 25 мың тонна ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына «Омбы – Павлодар – Шымкент – мұнай тиеу тірегі Шағыр» (темір жол цистерналарына тиеу) бағыты бойынша транзиттік тасымалдауды бастады. Мұнайды тасымалдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай беру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына ресейлік мұнай транзитінің күтілетін көлемі 250 мың тоннаны құрайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті