KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі 2022 жылға арналған дивидендтердің мөлшерін ұсынды

 14.04.2023    545
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысына «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың нәтижелері бойынша компанияның шоғырландырылған 19 801 693 000 теңге таза табысынан 15 000 495 861 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуге бағыттауға ұсынды. 4 801 197 139 теңге мөлшеріндегі таза табыстың қалған сомасын бөлмеуге және «ҚазТрансОйл» АҚ қарамағында қалдыруға ұсынылды. 2022 жылғы дивиденд мөлшерін бір жай акцияға есептегенде 39 теңге деңгейінде айқындау ұсынылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2023 жылдың 24 мамырына жоспарланып отыр.

 
«ҚазТрансОйл» АҚ
 жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер