KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңғыртуды үшін 50 млрд теңге тартты

 28.04.2023    1955
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту» 1 кезек» инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражатты тарту шеңберінде жалпы сомасы 50 млрд теңгеге «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-нің 50 млн облигациясын сатып алды.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дағдарысқа қарсы қаражат беру үшін «Магистральдық Суағызғы»  ЖШС облигациялық қарыз түрінде «Самұрық-Қазына» АҚ-дан осындай облигациялық қарыз тартты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражаттан басқа, жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылғы қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарызы тартылды.

Жобаны іске асыру «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жарғылық капиталға қатысу үлесінің 100% иеленеді. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесіне тиесілі.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
 және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер