KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Қытайға жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын транзиттеу туралы шартты ұзартты

 15.05.2023    631
«ҚазТрансОйл» АҚ «Роснефть» ҰК» ЖАҚ-мен Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа қосымша келісім жасасты. Құжат 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Роснефть» ҰК» ЖАҚ арасындағы шартқа қосымша келісім шартты 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды, жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдауды және қолданыстағы тарифті сақтауды көздейді.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай» (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдау қызметі ҚҚС есебінсіз бір тонна тарифке 15 АҚШ долларын құрайды, оның ішінде: «Атасу БМАС-на мұнайды ауыстырып тиеуді қоса алғанда, Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс өңірі) – «Атасу» (Қазақстан Республикасы) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін тариф 4,23 АҚШ долларын құрайды; «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай» (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін 10,77 АҚШ долларын қүрайды.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Қытай Халық Республикасына 3,2 млн тонна Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды.
 
«Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбыры «Қазақстан-Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бөлігі болып табылады және «ҚазТрансОйл» АҚ (50%) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd бірлескен кәсіпорны болып табылатын «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-не тиесілі. (50 %). «Атасу-Алашаңқай»  магистральдық мұнай құбырының жобалық қуаты-жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдау.
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
 және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер