Павлодар МҚБ үстел теннисшілері өндіріс саласында жұмыс істейтін ұжымдар арасындағы қалалық 55-ші спартакиадада командалық есепте екінші орынға ие болды.
Жарысты Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып, оған аймақтағы 14 кәсіпорынның командалары қатысты.
Басқарманың намысын автоматтандырылған басқару жүйесі қызметінің бастығы Нұрлан Кенжеахметов, өндірістік қызмет көрсету базасының инженер-технологы Нұрлан Джазин және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен нормативтік-техникалық құжаттама жөніндегі жетекші маманы Эльмира Елеусізова қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте Эльмира Елеусізова бірінші орынға, ал Нұрлан Кенжеахметов екінші орынға ие болып, спартакиаданың жалпы командалық есебінде Павлодар МҚБ екінші орынды қамтамасыз етті. Әріптестерімізді тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз!