KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Fitch Ratings агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВB-» -дан «ВВB» деңгейіне дейін көтерді

 26.06.2023    638
2023 жылғы 23 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингін «ВВВ-»-дан «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді. ҚТО-ның ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі «AA+(kaz)»-дан «AAA (kaz)»-ге дейін көтерілді. Болжам «Тұрақты».
 
Бұндай көтеру «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа қатысты осындай әрекетке байланысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың кредиттік рейтингі «ВВВ»-ға дейін көтерілгендіктен және бұл «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өзінің кредит қабілеттілігін («bbb») бағалауға сәйкес келетіндіктен, «ҚазТрансОйл» АҚ -тың рейтингі де «ВВВ»- ға дейін көтерілді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредит қабілеттілігі дербес негізде («bbb») компанияның Қазақстандағы мұнай құбырларының ұлттық операторы ретіндегі үстем ұстанымын, еуропалық әріптестеріне қарағанда аз болжамды нормативтік базаға қарамастан ақша ағынының тұрақты қалыптасуын және күшті қаржылық бейінін көрсетеді.
 
Қайта қарау қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингімен («BBB», «Тұрақты» болжамы) бір деңгейде.
 
Реакция:
Серiктестер