KZTO 923,00 (+2,56)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 923,00 (+2,56)

«ҚазТрансОйл» АҚ Польша Республикасында өкілдік ашады

 17.12.2025    28

2025 жылғы 10 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі Қоғамның Польша Республикасында филиалын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл — компанияның Еуропалық Одақ аумағындағы алғашқы өкілдігі.

Өкілдіктің ашылуы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Польша аумағындағы мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Беларусь Республикасының аумағы арқылы транзитті қоса алғанда, өзге мемлекеттердің магистральдық құбыр жүйелері арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысуға бағытталған. Сонымен қатар филиал қызметі аясында қазақстандық мұнайды Еуропа елдеріне жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай тапсыру пунктінде қабылдау және тапсыру кезінде есептік операцияларды жүргізуге негізделген.

Аталған жобаны іске асыру қазақстандық мұнайдың Германия бағытына, оның ішінде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызға ие және компанияның басым бағыттарының бір бөлігі болып табылады. Филиалдың ашылуы қазақстандық мұнайды тасымалдаудың халықаралық баламалы бағыттарын одан әрі дамытуға ықпал етіп, Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Серiктестер