KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2023 жылдың II тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша Теңіз кен орнынан мұнай экспортының көлемін 347,1 мың тоннаға дейін ұлғайтты

 05.07.2023    1061

2023 жылдың II тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттік тасымалдау мақсатында 37,9 мың тонна ресейлік мұнайды жөнелтті.

2023-ші жылдың I тоқсанында бұл бағыттағы ресейлік мұнай транзитінің көлемі 10,7 мың тоннаны құрады. Мұнайды тасымалдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Еске салайық, Ресей мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына айдау 2017 жылы басталған болатын. 2017 жылы транзит көлемі 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 36 мың тоннаны құрады. 2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиті болған жоқ.

Реакция:
Серiктестер