KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 8 айында Баку портына қазақстандық мұнай экспортының көлемін 12 есеге арттырды

 08.09.2023    1095

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2023 жылдың 8 айында 2 млн 164 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 759 мың тоннаға немесе 54%-ға артық, оның ішінде Теңіз кен орнынан 520 мың тонна, Доңға кен орнынан 252 мың тонна, 1 млн 385 мың тонна Бозашы түбегінің кен орындарынан және 7 мың тонна Қашаған кенішінен.

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің ұлғаюы Баку портына жөнелтілетін шикізат көлемінің 69 мың тоннадан 838 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 327 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. 

Реакция:
Серiктестер