KZTO 819,00 (+0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (+0,24%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та Республика күніне орай салтанатты жиын өтті

 24.10.2023    571

Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, компанияның дамуына үлес қосқан үздік қызметкерлерге марапаттар табыс етті.

  • Құрметті әріптестер! Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын ерекше мереке. Былтырғы жылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтіп жатырмыз. Бұл бастама көпшіліктің кең қолдауына ие болғаны хақ. Бүгінгі салтанатты жиын да жаңа серпін алған ұлттық мерекемізге орай ұйымдастырылып отыр. Себебі еліміздің экономикалық өркендеу тарихында «ҚазТрансОйл» компаниясы елеулі орын алады. Бұл бізге артылған үлкен жауапкершілік. Сондықтан да айтулы мереке күні «ҚазТрансОйл» компаниясының дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан әріптестерімізді ұлықтауды жөн көрдік. Бұл Республика күні мерекесінің мән-мағынасын арттыра түсетініне сенімдімін, деді Ғазиз Қошанов.

Салтанатты жиын барысында естелік белгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төсбелгісімен келесі тұлғалар марапатталды:

- Амантай Асхат Сартайұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік бөлімінің диспетчері;

- Тасуов Керім Өтемісұлы – главный менеджер сектора энергоменеджмента департамента технологических режимов и энергоменеджмента;

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен:

- Танабеков Шәкәрім Әбубәкірұлы – пайдалану бөлімінің көліктерді және арнайы техникаларды пайдалану секторының инженері марапатталды;

«ҚазТрансОйл» АҚ Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды:

- Сармағамбетова Мадина Қайруллақызы – Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті бас бухгалтерінің орынбасары;

- Исенова Әсем Болатқызы – бизнес-процесс және тәуекелдерді басқару бөлімінің бизнес-процестерді басқару бөлімінің басшысы;

- Тапаева Жанна Маратқызы – корпоративтік мәселелерді құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас заң кеңесшісі;

- Шахаев Сапар Қайрақбайұлы – ақпараттық технологиялар департаментінің жоспарлау және ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері;

- Сердалин Қаныбек Ертайұлы – операторларға қызмет көрсету бөлімінің механикалық және энергетикалық жабдықтар бөлімінің жетекші инженері;

- Волошин Илья Николаевич – «ҚазТрансОйл» АҚ «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының SCADA техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімінің инженері.

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) Алғыс хатымен келесі қызметкерлер марапатталды:

- Бимағанова Алмагүл Сатыбалдықызы – бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің жоспарлау және шоғырландыру бөлімінің бас менеджері;

- Смағұлов Руслан Нұрланұлы – корпоративтік қауіпсіздік департаментінің ақпараттық қауіпсіздік секторының бас менеджері;

- Нұртай Қуат Шәліұлы – жобаларды басқару департаментінің инжиниринг бөлімінің жетекші инженері;

- Балғымбаев Руслан Мұратұлы – технологиялық режимдер және энергетиканы басқару бөлімінің технологиялық режимдер бөлімінің аға технологы;

- Шыныбеков Айдын Еркебайұлы – пайдалану бөлімінің механикалық-технологиялық жабдықтар бөлімінің жетекші инженері;

- Сальникова Марина Николаевна – бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтерлік есеп бөлімінің менеджері;

- Ізімов Жәнібек Алпамысұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының бас диспетчері;

- Контудаев Алмат Ғалымжанұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік бөлімінің диспетчері.

Шара барысында корпоративтік қауіпсіздік департаментінің бас менеджері Тұяқбай Бекібаевқа «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаевтың атынан зейнеткерлікке шығуына орай құттықтау қағазы табыс етілді. Компания басшылығы Тұяқбай Сергейұлына көп жылғы еңбегі және «ҚазТрансОйл» АҚ дамуына белсенді үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның еліміздің өңірлеріндегі барлық мұнай құбыры басқармаларында Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтті. Барлығы 130 компания қызметкері естелік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
 

Реакция:
Серiктестер