KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 10 айында Ақтау портынан экспортқа жөнелтілетін қазақстандық мұнай көлемін 54%-ға арттырды

 16.11.2023    343

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында Ақтау портынан экспортқа жөнелтілетін қазақстандық мұнайдың көлемі 2 млн 800 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 981 мың тоннаға немесе 54%-ға артық.

Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау көлемі 964 мың тоннаға артып, 1 миллион 123 мың тоннаны құрады. Ақтау портынан Махачкала портына 1 млн 676 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 10 айындағы осы кезеңмен салыстырғанда 17 мың тоннаға артық.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. 

Реакция:
Серiктестер