KZTO 860,94 (+0,11%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 860,94 (+0,11%)
Brent ()
WTI ()
460,73
498,38
5,07

«ҚазТрансОйл» АҚ – Акциялар нарығының көшбасшысы

 17.11.2023    260

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан қор биржасы (KASE) атынан «Акция нарығының көшбасшысы» дипломымен марапатталды. Марапаттау рәсімі Алматыда Қазақстан қор биржасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық биржа форумы аясында өтті. Сыйлық «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсыновқа тапсырылды.

Форум барысында 30 жыл ішінде Қазақстанның қор нарығының дамуына зор үлес қосқан басқа да қаржы ұйымдары, сарапшылар мен қаржы секторының мамандары да марапатталды.

 Қазақстанның қор нарығы үшін маңызды оқиғалардың бірі «Халықтық IPO» бағдарламасының іске қосылуы болды, оның аясында «ҚазТрансОйл» АҚ қор нарығына бірінші болып шыққан компания болды.

«Халықтық IPO» бағдарламасы басталмай тұрып, 2012 жылдың басында Қазақстандық қор биржасында ашылған брокерлік шоттардың саны 9 мың 763-ті құраса, «Халықтық IPO» басталған соң бұл сан 52 мың 306-ке жеткен. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 есе көп. Осылайша, «ҚазТрансОйл» АҚ қатысуымен өткен «Халықтық IPO» бағдарламасы қазақстандық қор нарығы мен халық арасындағы инвестициялық мәдениеттің дамуына үлкен серпіліс беріп, оның әрі қарай дамуына ауқымды үлес қосты», - деді Алмас Оңғарсынов.

Реакция:
Серiктестер