KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ESG ақпаратын ашу бойынша қазақстандық компаниялар арасында үздік ондыққа кірді

 19.12.2023    1139

«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік есептердегі қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша 50 үздік компания рейтингінде жетекші орындардың бірін иеленді.

Рейтингті PwC Қазақстан жүргізді. Бағалауға 96 ұйым қатысқан еді. Рейтингті құру кезінде 2022 жылға арналған қызмет нәтижелері бойынша компаниялардың дайындаған есептері бағаланды.

Рейтинг әдістемесі 129 критерийді қамтиды. Бағалау критерийлері ашудың бес негізгі блогына бөлінген: тұрақты даму стратегиясы, корпоративтік басқару, қоғам, экология, есеп беру тәжірибесі. Ақпараттың анықтығы, уақытылылығы және сапасы үшін қосымша ұпайлар берілді.

«Ағымдағы жылы біз қазақстандық компаниялардың ESG ақпаратын ашу деңгейін бағалау талаптарын айтарлықтай арттырдық, басқару мен стратегияның тәсілдеріне көбірек көңіл бөлдік, салалық көрсеткіштерді қостық. Дегенмен, біз Қазақстанның қаржылық емес есептілігінің дамуы тұтастай алғанда біз енгізген осы халықаралық трендтерге сәйкес келе жатқанын көріп отырмыз және компаниялардың едәуір бөлігі тіпті жоғарылатылған бағалау критерийлеріне төтеп береді», - делінген PwC Қазақстан баяндамасында.

Рейтингті мына сілтеме арқылы көре аласыз.

https://www.pwc.com/kz/en/assets/esg-2023-final-draft.pdf

Реакция:
Серiктестер