KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Атырау мұнай құбыры басқармасының ұжымымен кездесті

 19.01.2024    1323
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Басқарма төрағасы – Бас директоры Талғат Құрманбаев Атырауға сапарында Атырау мұнай құбыры басқармасының ұжымымен кездесті. Бас директор алдымен ұжымды осы кезеңге дейін басқарған Өтеу Есмұрзиннің компанияның «Мұнай тасымалын басқару Орталығы» филиалына директор болып тағайындалғанын, Басқарма төрағасының бұйрығымен Атырау мұнай құбыры басқармасының басшылығына бұған дейін басқарманың бас инженері қызметін атқарған Марлен Төлегеновтің тағайындалғанын жеткізді.

Одан соң кездесуде Атырау мұнай құбыры басқармасының 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған өндірістік-қаржылық жұмыстарының есебі тыңдалды. Жаңа тағайындалған басқарма бастығы Марлен Төлегенов  жыл қорытындысында негізгі өндірістік көрсеткіштердің артқаны, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары әлемдік тәжірибеге сай сақталатынын және жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлінетінін баяндап өтті.

 Жылдық қорытынды есеп тыңдалған соң, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Бас директоры Талғат Құрманбаев Атырау мұнай құбыры басқармасының мұнай тасымалдау жоспарын орындағанын атап өтіп, ұжымға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы басқарма алдында тұрған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында «Өмірлік маңызды қағидаттарды» сақтау, магистарльды мұнай құбырының жауапты учаскесінде техникалық қызметтер мен жөндеуді, өндірістік обьектілерде техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу, жұмыскерлердің әлеуметтік ахуалына назар аудару сынды негізгі міндеттерге байланысты тапсырмалар берді.
 
Реакция:
Серiктестер