KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 12 айдағы қаржы нәтижелері туралы хабарлайды

 07.03.2024    2018
2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 290 млрд 385,6 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 14% жоғары.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 32 млрд 845,3 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың нәтижесінен 66% жоғары.
Сонымен бірге, 2023 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 240 млрд 988,2 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштен 14% жоғары.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 18 млрд 041,9 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 116% жоғары.

Қаржылық есептілік «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ интернет-ресурсында келесі сілтемелер бойынша орналастырылады: https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/karzhilik_akparat_zhildik_zhene_aralik_karzhi_esebi/ , https://kase.kz/ru/issuers/KZTO/ .
Реакция:
Серiктестер