KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиадасы басталды

 04.06.2024    2674

Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайынғы Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директор (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев Спартакиадаға қатысушыларды спорттық доданың басталуымен құттықтады.

«Спорт – үлкен табандылықты, шыдамдылықты, жігерлікті қажет ететін салауатты өмір салтын ұстанудың бірегей түрі. Сіздің әрқайсыңыз спорттың дамуына өзіндік үлес қосып келе жатсыздар! Бұл айтулы дода спортты одан әрі дамытуға, ынтымағымызды нығайтуға және ортақ мақсаттарға жетуге ықпал етеді», — деді Талғат Құрманбаев.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың корпоративтік спорт шарасына ұлттық магистральдық мұнай құбыры операторының мемлекеттің түкпір түкпірінде, өзге елдерде орналасқан құрылымдық бөлімшелерінің, еншілес ұйымдарының және бірлесіп бақыланатын мекемелерінің жұмыскерлері қатысуда.

 Төрт күн бойы, яғни 4-7 маусым аралығында волейбол, мини футбол, баскетбол, жүзу, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, армрестлинг және киберспорт бойынша 15 команда бақ сынасады.

 «ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиадасы 7 маусымда жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімімен аяқталады.
 


 

 

 

 

Серiктестер