KZTO 830,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (-0,10%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы «Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын жаңғырту үшін тартылған қарызды қайта қаржыландырды

 03.07.2024    30
«Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын реконструкциялау және кеңейту 1 кезек» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде тартылған «Қазақстан Халық банкі» АҚ қарызын қайта қаржыландыру үшін, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесінің 100%-ы «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) Еуразиялық даму банкінен 108 ай мерзімге 21 млрд теңге сомасында қарыз алды. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме – өзгермелі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің жылдық минусы 2%.

2024 жылғы 1 шілдеде «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Еуразиялық даму банкінің қарызын толық көлемде игерді, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарызы бойынша 21 млрд теңге сомасына негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында «Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын реконструкциялау және кеңейту 1 кезек» инвестициялық жобасын қаржыландыру үшін «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарыз алған болатын. Осы кредиттік желі шеңберінде 41,4 млрд теңге игерілді (қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме – өзгермелі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс жылдық 2,5%).

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын реконструкциялау және кеңейту 1 кезек» инвестициялық жобасын 2023 жылдың желтоқсанында іске асыруды аяқтады. Жоба аясында ұзындығы шамамен 176 км «Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысының екі учаскесін ауыстыру жүзеге асырылды, нәтижесінде «Астрахань - Атырау» учаскесіндегі «Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысының өткізу қабілеті тәулігіне 110 мың м³ 170 мың м³ дейін ұлғайды.

«Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысы - стратегиялық маңызды объект, Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушылары үшін, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандары үшін су берудің жалғыз орталықтандырылған көзі болып табылады.

Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан мұнай-газ өндіру және өнеркәсіп кәсіпорындарының, сондай-ақ мұнай-химия өндірістерінің жобаларының жұмыс істеуі мен дамуы Еділ суының үздіксіз берілуіне байланысты.
 
 
Реакция:
Серiктестер