KZTO 811,00 (-0,79%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 811,00 (-0,79%)

«ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы директоры Ғазиз Қошанов ШМҚБ еңбек ұжымымен кездесу өткізді

 22.07.2024    32
Өткен аптада «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов Шымкент мұнай құбыры басқармасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде Ғазиз Жақанұлы 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады, «ҚазТрансОйл» АҚ мен 2023 жылғы ақпанда жасалған «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасындағы Ұжымдық шартта көзделген қызметкерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктердің жаңа түрлері, сондай-ақ қосымша келісімдер туралы айтып өтті.

Қызметкерлермен әңгімелесу барысында басқарушы директор ШМҚБ қызметкерлері мен зейнеткерлеріне 2023 жылы көрсетілген әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік пакетті жыл сайын жақсартуға ерекше назар аударылғанын жеткізді.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсету үшін «Халық» сақтандыру компаниясымен» шарт жасалды, ал «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартудың 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде Шағыр МҚП-да 2023 жылы блокты-модульді санитарлық-тұрмыстық кешеннің құрылысы басталды. Бұдан бөлек, «ҚазТрансОйл» АҚ «ЗӘО» филиалымен бірге Шымкент қаласында санитарлық-тұрмыстық кешен салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. 

Кездесу соңында Ғазиз Қошанов Алматы қаласында өткен спартакиадада жүлделі орындарға ие болған ШМҚБ қызметкерлерінің спорттық жетістіктеріне тоқталып, оларға алдағы өтетін жарыста жеңістер тіледі.




 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер