KZTO 866,50 (+1,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 866,50 (+1,35)

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ мен Sino-Pipeline International компаниясы басшыларының жұмыс кездесуі өтті

 20.05.2025    46
Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ мен Қытайдың Sino-Pipeline International (SPI) компаниясы басшылығы арасында келіссөздер өтті. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағыттары талқыланды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов пен SPI компаниясының бас директоры Цзинь Цинго бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызметімен байланысты мәселелерді ортаға салды.
 
Кездесудің қорытындысы бойынша «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС «Кенкияқ – Кұмкөл» магистральдық мұнай құбырын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге қатысты кешенді жұмыстарды келісу туралы хаттамаға қол қойылды.
 
Сонымен қатар, мұнай тасымалдау тиімділігін арттыру және «Қазақстан – Қытай» бағыты бойынша инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Тараптар тиімділік пен өзара пайдаға негізделген серіктестік қарым-қатынасты әрі қарай дамытуға мүдделілігін растады.
 
Серiктестер